IDA (International Drivers Association)
Қазақстан
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН (IDP) ҚАЛАЙ ЖАСАТУҒА БОЛАДЫ?
Халықаралық жүргізуші куәлігін (IDP) жасату және алу International Drivers Association (IDA) ұйымының Алматыдағы бас кеңсесінде, сондай-ақ Қазақстанның 4 қаласындағы АвтоХҚКО (СпецЦОН) ішінде орналасқан филиалдарда жүзеге асырылады. Егер сіздің кеңсеге немесе филиалға баруға мүмкіндігіңіз болмаса, құжатты интернет арқылы онлайн рәсімдей аласыз.
IDP жасату үшін төмендегі қадамдарды орындау қажет:
Кеңседе немесе IDA филиалдарында IDP жасату:
Кеңсеге өзіңіз барып IDP жасату үшін өзіңізбен бірге мына құжаттарды алыңыз:
- Жеке куәлік немесе шетелдік төлқұжат (загранпаспорт);
- Ұлттық жүргізуші куәлігі (Қазақстандық права);
IDP құжатын онлайн жасату:
-
Өтінім беру сайтына кіру:
Құжатты рәсімдеуді бастау үшін https://ida.or.at/order сілтемесі бойынша өтіңіз. -
Сайт тілін таңдау:
Сайтты қолдануға және форманы толтыруға ыңғайлы болу үшін өзіңізге керекті тілді таңдаңыз. -
Онлайн форманы толтыру:
Сайттағы арнайы формаға жеке мәліметтеріңізді жазып, қажетті құжаттардың суреттерін жүктеңіз.
Онлайн рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
-
Электронды түрдегі 3×4 фотосурет:
Ақ немесе ашық түсті бірыңғай фонда түсірілген сапалы 3х4 фотосуретті жүктеңіз. -
Қазақстандық праваның фотосы/сканы:
Қазіргі уақытта жарамды ұлттық жүргізуші куәлігіңіздің сканерленген көшірмесін немесе анық фотосын тіркеу қажет. -
Шетелдік төлқұжаттың (Загранпаспорттың) фотосы/сканы:
Жеке мәліметтеріңіз жазылған беттің сканын немесе фотосын тіркеңіз. -
Қолтаңба фотосы:
Ақ қағазға қойылған қолтаңбаңызды суретке түсіріп жүктеңіз немесе сайттың өзінде электронды түрде (экранда) қол қойыңыз. -
Жеткізу мекенжайы:
Егер құжатты курьер арқылы алғыңыз келсе, нақты жеткізу мекенжайын көрсетіңіз. -
Туған еліңіз бен қалаңыз:
Арнайы жолға қай елде және қай қалада туғаныңызды жазыңыз. -
Тіркелген мекенжай (Прописка):
Тұрақты тіркелген мекенжайыңызды көрсету қажет. -
Жалпы жүргізушілік өтіліңіз (стажыңыз):
Ең алғашқы ұлттық жүргізуші куәлігін алған жылды көрсетіңіз.
